История Нұржанa

Мен Омаров Нұржан қазіргі таңда Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінде 11 сыныпта оқып жатырмын. Достық оқу орталығында химия-биология бағытында қосымша білім алып жүрмін. Арманым – дәрігер болу, еліміздің медицина саласының дамуына өз үлесімді қосу. Мемлекеттік грант иегері болуға талпынып, бар күш-жігерімді салудамын. Дәрігерлерге қойылатын жауапкершілік өте көп! Мен айтар едім, жақсы дәрігер болу үшін ең алдымен жауапкершілік болуы керек. Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдадым. Мен өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда жетемін!